9-15 сәуір аралығына арналған ауа райы болжамы

06.04.2018 16:15

Алдағы аптада алматылықтар тауға шығып, тынығып қайтуларына болады. Себебі, алып шаһарда күн жылы болады.

Дүйсенбі, 9 сәуір күні ауа бағамы +18, түнде +3 градусты көрсетеді. 

Сейсенбі, 10 сәуірде жауын жауады деп күтілуде. Күндіз +11, түнде +1 градус болады.

Сәрсенбі, 11 сәуірде күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы +11, түнде +2 градусты көрсетеді.

Бейсенбі, 12 сәуірде ауа бағамы күндіз +18 градусқа дейін жылынады. Түнде +6 градус болады.

Жұма, 13 сәуірде күндіз ауа температурасы +18, түнде +6 градус болады деп күтілуде. 

Сенбі, 14 сәуірде жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз +18, түнде +5 градус.

Жексенбі, 15 сәуір күні жауын жаумайды. Ауа бағамы күндіз +17, түнде + 7 градусқа көрсетеді.

Ауа райы болжамы  intellicast.com сервисінен алынған.