Алдағы үш айда Байқоңыр ғарыш айлағында ұшырылу жұмыстары жүргізілмейді, олар тек қазан айында басталады, деп хабарлайды BAQ.kz ақпараттық порталы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
«Шілде, тамыз және қыркүйек айларында ұшырылу болмайды. Жақын арадағы ұшырулар қазан айында болмақ. Мәселе 11 қазанда ұшырылатын "Союз МС-10" басқарылатын ғарыш кемесі турасында», - деп хабарлайды агенттік тілшісімен сұхбаттасушы.
ХҒА-ға ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хайг ұшады.
31 қазанға жоспарланған ұшырылу аясында ХҒА-ға «Прогресс МС-10» жүк кемесі жөнелтіледі. Содан кейін жыл соңында EgyptSat-A мысырлық жер серігі ұшырылады. Сонымен қатар, "Благовест" әскери аппараты және 20 желтоқсанда – «Союз МС» басқарылатын ғарыш кемесі ұшырылуы мүмкін.
Айта кетейік, бүгінде Ресей 2018 жылы ғарыш мақсатында тоғыз зымыран ұшырды. Оның ішінде бесеуі Бойқоңырдан, үшеуі Плесецктен, тағы біреуі Шығыстан ұшырылды.
Соңғы рет Бойқоңырдан «Прогресс МС-09» жүк кемесі ұшырылды. Ол ХҒА-ға ұшу уақыты бойынша рекорд орнатты.
Жалпы, қазіргі таңда ғарыш кемелерін ұшыру бойынша Қытай көш бастап тұр. Бүгінде Қытайдан 19 ғарыш кемесі ұшырылса, бұл көрсеткіш АҚШ-та 18 кемені құраған.