«Бала дауысы» байқауының жеңімпаздары анықталды

31.10.2017 21:45

«Бала дауысы» байқауының жеңімпаздары анықталды. Финалға 7 мен 13 жас аралығындағы 18  әнші шықты. Еліміздің барлық облыстарынан іріктеліп келген жас әншілер соңғы шешуші сәтте үш күн алматылықтарды өнерлерімен тәнтті етті. Жас өнерпаздар тек ана тілімізде ғана емес,ағылшын, испан тілдеріндегі әйгілі әндерді де еркін орындады.  Талантты өнерпаздардың тек вокалдық қабілеті ғана емес, би, саханалық шоу да есепке алынды. Соңғы шешуші сәтте Гран-приді байқоңырлық Назерке Шәмбілова жеңіп алды. Жарыстың демеушісі - "Жандану әлемі" қорын құрушы Әлия Назарбаева  қызылордалық жеңімпазға шетелге жолдама берді. Енді Назаре тек өзінің ән жинағын шығарып қана қоймай, Франциядағы  "Дисней Лэнд" демалыс орнына да барып қайтпақ.

"Бала дауысы" кімнің мықты  немесе кімнің әлсіздігін анықтау үшін емес, сіздерге қуаныш, бақыт  силап, мереке жасау үшін  өткізілген. Сіздерге қарап, Қазақстанның болашағы, мүмкіндігі зор екенін көруге болады. Өйткені еліміздің болашағы, мына сіздер», - деді «ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ» қорын құрушы Әлия НАЗАРБАЕВА.