Qazkom "Халық банкімен" алдын ала келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ҚазКомның баспасөз қызметі мәлімдеді. Естеріңізде болса, түрлі бұқаралық ақпарат құралдарында екі ірі банктің бірігетіні туралы жазылған еді. Алайда сол кезде БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Сергей Чикин ҚазКом-ның бірігу туралы ұсыныс жасамағанын және мұндай мәліметті "Халық банкінен" алмағанын хабарлаған еді. "Халық банкі-мен бірігеді деген қауесеттерге байланысты "Казкоммерцбанк" бірігу туралы ешқандай да ұсыныс жасаған жоқ және "Халықтан" ұсыныс алған жоқ әрі екі банктің арасында қандай да бір бірігу туралы келіссөздер жүргізген жоқ деп мәлімдеді.