Риддер кенішінде 30 жастағы жұмысшы көз жұмды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
20 шілде күні түнде Риддер қаласындағы Долинный кенішінде болған жазатайым оқиғаны комиссия тексеріп жатыр деп жазады ҚазАқпарат.
30 жастағы жұмысшының өлімін Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті де растады.
«Осы дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабының («Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу») 2-бөлігімен тіркелді. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр», - делінген ресми хабарламада.
Бейресми дереккөздердің мәліметінше, үңгушіні жүк тиегіш машина басып кеткен. Жедел жәрдем жеткенше, көп қан жоғалтқан жігіт көз жұмды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33