Алматының тұрғын үйлері біркелкі болып өзгеріп, тозығы жеткен нысандар жаңарады. Сонымен қатар, қалада ойын алаңдары көбейеді. Транспорттық инфрақұрылым да ыңғайлы болмақ. Бұл мәселені, Елбасы Алматыға іс-сапармен келгенде, қала басшысына шешуді тапсырған еді. Қазір, осы жұмыстарды атқару үшін «Алматы бас жоспары» ғылыми зерттеу институты құрылды. Мамандар, қаланы Дат сәулетшісі Ян Гейлмен ақылдаса отырып өзгертеді. Сондай-ақ, шетел тәжірибесін де қолданамыз деп отыр. Аталған жұмыс 2019-шы жылға дейін аяқталуы тиіс.
«Қазіргі күні егер қарайтын болсақ. Ғимараттардың беткі бөлігі әртүрлі материалдармен және әртүрлі түсте жасалған. Соның барлығын реттейтін боламыз. Қазіргі таңда Тимиярзев, Гагарин көшелерінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы жұмыстар ары қарай жалғасатын болады», - деді «Алматы бас жоспары» Ғылыми зерттеу институтының директоры Мұхамедғаріп ҚҰРМАНҒАЛИЕВ.