Елімізде 102 байланыс желісі жөнге келтіріліп, ұсақ қылмыстарды ашуға ден қойылсын! Бүгін Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің кезекті жиынында осындай ұсыныстар айтылды.
Жиналғандар барлығы полицейлердің жұмысын жақсарту мақсатында нақты ұсыныстар айтуға мүмкіндік алды. Ұсыныс-пікірлерді жұмыс тобы 1 қыркүйекке дейін саралап, күзгі сессия басталысымен, Парламентке жолдамақ.
«10 жылда Алматы қаласы географиялық тұрғыдан өсті. 2008 жылы Алатау ауданы, 4 жыл бұрын Наурызбай ауданы Алматыға қосылып, халық саны екі есеге артты. Екіншіден, есепке алу әдісі өзгерді. Бұл 2014 жылы қабылданған жаңа қылмыстық кодекс және қылмысты электронды тіркеу тәртібіне байланысты. Ол қалай жұмыс істейді? Алдын ала тергеудің бірыңғай тізімінде барлық деңгейдегі қылмыстар тіркеледі. Ол барлық елде енгізілген. Содан да өскендік көзге бірден басылады. Ішкі миграция деңгейінің көтерілгенін де ескеру қажет», – деді Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман АЛШАНОВ.