Республика аумағында қауіптің сары деңгейі жойылды

17.01.2017 16:18
Республика аумағында қауіптің сары деңгейі жойылды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов мәлімдеген болатын. Естеріңізге сала кетейік, арнайы режим Ақтөбеде 6 маусымда  болған лаңкестік оқиғадан кейін енгізілген. Кейін 2016 жылдың соңына дейін, тағы бір рет 2017 жылдың 15-қаңтарына дейін екінші мәрте ұзартылған еді.