Республикалық санитарлық авиация директорының орынбасары парамен ұсталды

14.04.2017 15:51

Республикалық санитарлық авиация орталығы бас директорының орынбасары пара алып жатқан жерінен ұсталды. Бұл туралы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі хабарлады. Мадияр Шалғынбаев науқастарды тасымалдауға арналған әуе көлігінің қызметін пайдалану үшін бірнеше компания басшыларымен келісімшарт жасасқан. Қылмыстық схемаға қол астындағы қызметкерлерін де араластырған. Бұл қызметі үшін ол келісілген соманың 10 пайызын қолды етіп, «Sky Service» серіктестігінен, «East Wing» компаниясы мен тағы басқа кәсіпорын басшыларынан ұзын-ырғасы 130 мың доллар көлемінде пара алған. Қазіргі уақытта Шалғынбаев Астана қаласы Ішкі істер департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот алды тергеу жасалып жатыр.