«Жүргіншілер қаласы» жобасының жұмысына белгілі урбанист өз бағасын берді

05.07.2017 16:14

«Жүргіншілер қаласы» жобасының жұмысына белгілі урбанист Рикардо Марини өз бағасын берді. Оның пікірінше, Алматының Арбатында жүріп жатқан жаяу жүргіншілерге арналған құрылыс жұмыстары толық аяқталса, қаланың экономикалық әлеуетіне едәуір әсер етпек. Сондай-ақ ол қалада орналасқан тағы 20-ға жуық саябақтарды аралап шықты.

«Мен қалада адамдардың ыңғайлы жүріп-тұруы үшін жасалып жатқан жұмыстарды көріп, көңілім толды. Егер бұл құрылысты аяғына дейін жеткізсе, онда Алматыға келер адамдардың саны көп болар еді және қаланың экономика саласында жоғарылау бірден байқалатынына сенімдімін», - деді Gehl Architects компаниясының халықаралық кеңесшісі Рикардо МАРИНИ.


Теги: Арбат