Ресейде алғаш рет гей-шеру өткізуге рұқсат берілді

Ресейде алғаш рет гей-шеру өткізуге рұқсат берілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ресейде алғаш рет гей-шеру өткізуге рұқсат берілді. Бұл туралы мәскеулік ЛГБТ-қауымдастығының басшысы Николай Алексеев өзінің «ВКонтакте» парақшасында хабарлады, деп жазады Lenта.ru.

«Новоульяновск қаласы әкімдігінің басшысы гей-шеруді Яблоневый ауылында өткізуге рұқсат берген. Бұл ауыл тұрғындарының жалпы саны... жеті (!!!) адам. Гей-шеруді сондай-ақ, халқының саны 131 адамды құрайтын Панская Слобода ауылында өткізу туралы да ұсыныс болған, бірақ бұл қазіргі Ресей үшін тым кеңпейілділік болар еді», – деп жазады Н. Алексеев.

«осылайша, Ресей тарихында алғаш рет билікпен келісілген гей-шеру Ульянов облысы Новоульянов қаласының Яблоневый ауылында 2018 жылы 26 тамызда сағат 12.00-ден 14.00-ге дейін өтетін болды. Ең бастысы, қатысушылар саны көрсетілген мәліметтен асып кетпеуі тиіс. Біз 300 адам қатысады деп мәлідегенбіз. Қазір қатысушылар тізімін реттеп жатырмыз», дейді ЛГБТ қауымдастығының басшысы.  

2017 жылдың қаңтар айында Полярный круг аймағында орналасқан Салехард билігі ол жерде гей-шеру өткізуге тыйым салған еді. Ондай шешім қабылдауға балалардың денсаулығы мен дамуына зиянын тигізетін ақпараттардан қорғау туралы заң себеп болды  делінген.

Сурет: Lenта.ru


Новости партнеров