Сапалы медициналық орталықтар - ел экономикасын үдетеді

16.03.2017 14:44

Сапалы медициналық орталықтар - ел экономикасын үдетеді. Еліміздің ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Алматыда өткен экономикалық саммитте осылай деді. Жиында шағын және орта бизнесті дамытудың тетіктері талқыланды. Бүгінде өз ісін ашқысы келетін кәсіпкерлерге әр өңірде жағдай жасалған. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау көп. Басқосуда сөз алғандар, қаржы қыспағына қарамастан, елімізде тұрғын үй салуды доғармау керектігін айтты.                                                

«Ел экономикасының дамуына өзіндік серпін беруі үшін жекеменшік медицина орталықтарының санын көбейту керек. Олардың сапасы мен мамандардың біліктілігіне мән берген жөн. Жарнама жағын да ойластырған дұрыс. Мәселен, Алматы әуежайынан түскенімде, Үрімшідегі бір медициналық орталықтың жарнамысын көріп қалдым. Барлық клиникалар осылай істесе, экономикаға серпін береді», - деді ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур СҮЛЕЙМЕНОВ.  

Еліміздегі екінші деңгейлі банктердің жұмысын реттеу де осы жиында тілге тиек етілді. Ал, теңгенің құнсыздануы - қазақ экономикасын құлдартпайды, керісінше ширай түсуіне ықпал етеді деді мамандар.


Теги: саммит