Биылдан бастап Алматы ауруханалары электронды форматқа көшеді

Биылдан бастап Алматы ауруханалары электронды форматқа көшеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда өлім-жітім көрсеткіші азайған. Мәселен, нәресте өлімі 7 пайызға, туберкулезден болатын өлім 8 пайыз, ал қатерлі ісіктен болатын өлім 7 пайызға төмендеген. Ал биылдан бастап қаладағы ауруханалар 100 пайыз электронды форматқа көшуді бастайды. 2019 жылы дәрігерлер амбулаториялық карталар, сырқатнамалар мен рецепттерді қолмен жазбайтын болады.

«Бүгінгі таңда ақпараттық жүйелермен медициналық ұйымдардың 98 пайызы қамтамасыз етілген. Бұл бізге 2019 жылдан бастап еш қиындықсыз электронды форматқа өтуге мүмкіндік береді. Медициналық мекемелер толықтай компьютерлік техникамен қамтамасыз етілді. Жергілікті бюджеттен 1 млрд 339 млн теңге бөлінді. Қосымша 6051 компьютер сатып алынды. Бұл жұмыстарға 120 ІТ маман тартылды», - деді Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол МУСИНОВ.

Былтыр 230 мың науқасты тегін дәрімен қамтамасыз ету үшін республикалық және жергілікті бюджеттен 13 млрд 314 миллион теңге бөлінген. Оның ішінде 465 миллион теңге сирек кездесетін аурулары барларға беріліпті. Айта кетейік, жыл басында елімізде инсулин тапшылығы байқалған еді. Қант диабетіне шалдыққандарға ауадай қажет дәрілер қазір уақытылы жеткізіліп жатыр, дейді бас дәрігер.


Новости партнеров