«Рухани жаңғыру»: Ұлттық мұражайда көрме ұйымдастырылды

16.04.2018 17:10

Астанада Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарға арналған шаралар жалғасуда. Ұлттық мұражайда барлық шенді-шекпенді, кәсіпкер, ғылым, білім саласы мен БАҚ өкілдерінің басын қосатын арнайы көрме ұйымдастырылды. Президент өз мақаласында бірінші мәселе ретінде мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшуін басты мақсат етті. Бұл өз кезегінде қоғамдық сананы жаңғыртудың басты алғы шарты.

«Жүйелі түрде іске асып жатыр. Жоспар құрылды. Өзіңіз айтқандай, 2020 жылдан бастап нөлінші сынып оқи бастайтыны, 2 жыл әдістемелік жұмыстар, ұстаздар корпусы, тіл саясатына жауапты қызметкерлер, бәрі даярланады», - деді Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры Ерден ҚАЖЫБЕК.

«Туған» жер бағдарламасы аясында да іске асқан жобалар аз емес екен. Оған көбіне әр өңірдің тумасы, демек шағын және орта кәсіпкерлер қираған мәдени орталықтарды қайта қалпына келтіріп, әлеуметтік маңызы бар біраз нысандардың бой көтеруіне ат салысыпты.

«Мемлекет түрлі әлеуметтік бағдарламалар аясында ойдағыны іске асыруға мүмкіндік берді. Көбіне барлығы ішкі көңіл күйге байланысты.Әрі жергілікті биліктің қолдауына қатысты», - деді «Туған жер» бағдаламасының қатысушысы Қайрат МАЙТЕКОВ.