Алматыда тұрғын үй нарығы қайта жандана түсті. Жаз мезгілінде ол біраз саябырсып қалған еді. Сарапшылар мұны іскерлік белсенділік пен оқу жылының басталуымен байланыстыруда. Қайталама нарық әлі де жоғары сұранысқа ие. Ал, аудандар арасында Медеу, Бостандық, Әуезов және Алмалыға қызығушылық жоғары. Сатып алу-сату келісімдері көбіне бір бөлмелі пәтерлерге жасалады.
«Қазір Әуезов ауданындағы тұрғын үйлерге сұраныс көп. Ықшам аудандардағы пәтерлер шағын әрі арзан келеді. Оның үстіне, бұл аумақтарда инфрақұрылым жақсы жетілген», - деді Қазақстан риэлторлары біріккен қауымдастығының вице-президенті ЛАРИСА СТЕПАНЕНКО.
Риэлторлар оптимистік болжам жасап отыр. Олардың пікірінше, нарық өсімі әлі де жалғасын табады және жыл аяғына дейін 15 пайызға өсуі бек мүмкін. Қалада тұрғын үйлерге сұраныс төмендесе де, пәтер бағасы арзандамайды, дейді сарапшылар.