Бүгіннен бастап бірнеше түн бойы аспаннан жұлдыз жауады

09.08.2018 17:06

Жыл сайын болатын ғарыштық құбылыс – Персеид метеориттері жауыны – Жерде 9 тамызда басталып, 13 тамызға қараған түні шарықтау шегіне жетеді.

Дәл осы түні Жер тұрғындары аспаннан толассыз жауған жұлдыздарға куә болмақ. Метеориттер жауыны аспан ашық болса, тіптен жарқырап көрінеді. Астрономдардың айтуынша, жаңа Ай да жұлдыздар жауған түннің есте қаларлықтай өтуіне септігін тигізеді.

Алайда биыл Персеид жауыны бұрынғы жылдармен салыстырғанда онша тығыз болмайды екен: әдетте 80-100-ге жуық «аққан жұлдыз» орнына небәрі 50-75 метеор жауады.

Ғалымдардың айтуынша, жұлдыздардың ағуы адамдардың өміріне немесе орбитадағы зондтарға еш әсерін тигізбейді.

Метеориттер жауыны 25 тамызға дейін белсенділігін жоғалтпайды.




© Sputnik / Владимир Астапкович