Сағынтаев «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының директорлар кеңесін басқарады

17.02.2017 15:14

Сағынтаев жаңадан құрылатын «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының директорлар кеңесін басқарады.  Бұл жөнінде инвестиция және даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қайта құру процедурасы және «Кazakh Invest» компаниясын құру жұмысы ақпанның соңына дейін аяқталуы қажет. Ұлттық компанияның басты қызметі - үкімет атынан трансұлттық корпорациялармен келіссөздер жүргізу. Компания функцияларына инвестициялық жобаларды әзірлеуді қамтамасыз ету, инвестицияны қажет ететін жобалардың тізімін әзірлеу, мақсатты және дайындығы бар инвесторларды тарту, ресми тұлғалармен қол жеткізілген  барлық келіссөздерге мониторинг жасау сынды жұмыстар кіреді.