Салтанат Нұртай: Қазақстандықтардың сүйікті телехикаялары (1 бөлім)

Салтанат Нұртай: Қазақстандықтардың сүйікті телехикаялары (1 бөлім)
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде шенеуніктердің жиын барысында көтеріп жатқан мәселелерінің бірі шетелдердің телесериалдарын көрсетпеу керек, одан да өзіміздің қазақтың фильмдерін көбейтейік деп бастамасын бастап жатқандарда баршылық. Алайда, бұл фильмдер біздің елге дендеп кеткелі қай заман? Айта кететін болсақ бар жұмысын шетке жиыстырып қойып, қайта-қайта сағатқа қарап сарғая күтіп, көк жәшікке телміріп отыратындардың саны азайған емес. Тіпті, сүйікті кейіпкерлерінің суреттерін шығарып алып үйлерінің керегесіне іліп қойып жатқандарда жетерлік. Міне, осындай көрермендерімізге арнап мен сіздерге түрік телехикаяларының сипаттамасын ұсынып отырмын.


«Қыналы қар» телехикаясы (Түрік тілінде)  


2002 жылы түсірілген Қыналы қар түрік телехикаясы бүкіл әлемге танылды. Бұл фильмді сипаттап кетер болсам режиссері Таннер Аквардар, сценариін жазғандар Озгүр Эврен және Гамзе Озэр, продюсері Осман Иагмурдерели. Бұл фильм романтикаға толы, драмалық жанрда түсірілген. Үлкен қаладан шыққан Али есімді жас мұғалімді бір кішігірім ауылға жібереді. Али үшін ауылдың өміріне үйренуге аз уақыт кете қоймайды. Ол бірақта өзіне тез арада көп достар тауып алады. Осы жақта жүріп жас сұлу Назармен танысады, оған бір көргеннен ғашық болып қалады. Әр серия өздігінше ерекше және қызық.  Фильмнің басты кейіпкерлері Жапар төре мен Назар қазақстандықтардың жүрегінен ерекше орын алды. Тіптен анекдотта шыққан осы сериал туралы. «Барлығы кешке отбасымен жиналып, Қыналы қарды көріп отырса, бір ұрылар келіп қорасынан малдарын ұрлап әкетіп бара жатып, бір парақ қағазға жазып кеткен екен, көзің Назарда, малың базар да»,- деп сол айтқанымдай бұл сериалдың біздің халқымыз үшін орны бөлек болған.



«Құлпынай жұпары» телехикаясы (Орыс тілінде)


Мелодрама, комедия жанрында 2015 жылы түсірілген. Басты кейіпкердегі қыз – ақылына көркі сай, әдемі қарапайым отбасынан шыққан. Бұл сериалға толықтай тоқтала кетсем кулинарияда торт жасап жұмыс істейтін сұлу, көрікті Аслы, бір күні тәтті тоқашты тапсырыспен апара жатып байдың баласы Буракпен соқтығысып барлық тортын бүлдіріп алады, бастығы жұмыстан шығаруға тура келеді. Содан өзінің үйін тастап құрбысымен Бодрумға жұмыс іздеп кетеді. Сол жерде жаңағы соқтығысқан байдың баласын тағы да кездестіреді. Екеуі ойламаған жерден бірнеше оқиғаларға тап болып, сериалдың соңына таман бір-бірінсіз өмір сүре алмайтындай халге жетіп, ғашық болып, алдынан шыққан бірнеше кедергілерге қайыспай, екеуі отбасын құрады. Бір қызығы фильмнің басында екеуі қас дұшпан болатын. Режиссері Филиз Пакман да теле хикаяны жастарға қызықты , әрі көңілді етіп түсіру үшін, қолынан келгенше аянбағаны көрініп тұр.



"Асау жүрек" телехикаясы (Түрік тілінде) 


1999 жылы 113 сериялы драмалық жанрда түсірілген.  Мүлдем телесериал көрмеймін деген ер азаматтарымыз бұл фильмнен бас тартқан емес. Өйткені, бұл фильмнің басты кейіпкері Кенан Имирзалыоглу ержүрек қылығымен көрерменін өзіне баурап алған. Телехикаяның сипаттамасына келер болсам, жаңа айтылған кейіпкердің алдынан небір қиындықтар шыға береді. Ол соғанда қарамастан қайтпай қайсарлық танытады.



"Цветочки после ягодок"  телехикаясы (Корей тілінде) 


2009 жылы драмалық, комедиялық, жас өспірімдерге арналған жанрда түсірілген. Режиссерлері Осаму Катаяма, Дайсукэ Ямамуро, Исий Ясухару. Бұл сериалдың сипаттамасы байдың балалары өздеріне арналаған мектепте оқиды. Шинхва мектебі Чан Ди үшін жоғары болып көрінетін. Қарапайым отбасынан шыққан бұл қыз өмірінде мұндай мектепте оқу тек арман деп қана ойлайтын. Ол әкесіне химтазалағышта көмектесіп жүретін. Бір күні жаңағы Шинхва мектебінің киімін тазалатуға алып келеді. Чан Ди тапсырысты апарып беруге барады.  Осыдан бастап қыздың өмірі өзгереді.



"Черная любовь" телехикаясы    


2015 жылы (2 сезондық) телехикая мелодрама жанрында түсірілген. Ресжиссері Хилаль Сарал, Экин Пандир. Байдың қызы Нихан бір күні бұзақылардың арасына тап болады. Сол сәтте қарапайым шаштаразшының баласы оны құтқарып қалады. Міне осыдан бастап екеуінің арасына сезі оты тұтанып, бір-біріне ғашық бола бастайды. Бірақ кедей жігітке байдың қызын қайдан жолатсын.  Эмир есімді байдың  ерке, қырсық мінезді баласы Ниханды жақсы көретін. Осылайша, қос ғашықтар бір бола алмайды.



Міне мен қазақстандықтардың сүйікті телесериалдарының сипаттамаларын қысқа да, нұсқа жаздым. Әрі естеріңізге түсірдім деп ойлаймын. Алды да тағы да жалғасы болады. Күтіңіздер.  




Мәтін: Нұртай Салтанат





Новости партнеров