Салтанат Нұртай: Дипломсыз қалай жұмысқа орналасуға болады?

19.06.2017 22:12

Қазіргі заманда еліміздегі халықтың барлығы орта мектепте білім алса да, ал техникум, училище, Жоғарғы оқу орындарында көбісінің оқуына қолдары жете бермейді. Дипломым жоқ деп қол қусырып қарап отыра алмайсың.  Отбасын асырап, бала-шағаны бағу керек, ел қатарлы өмір сүргің келеді. Мұндай сәтте не істеу керек? Осы және басқа да сауалдарға мен біраз шолу жасап, жауабын іздеп көрдім.

Алдыңғы шолуымды жазу барысында ең бірінші, түйіндеме дайындау керек деген болатынмын. Бұл әрине ең бастысы. Оны қайталап жатудың керегі шамалы деп ойлаймын. Бірден дипломсыздарға қандай жұмысқа барып, орналасу керектігі турасында жазайын.




1. Кеңес: Қазақстанның әр қаласында қол жетімді бағада курстар бар. 3-4 ай оқисың, содан кейін сертификатты қолға аласыз. Егер икеміңіз болса мынандай маман иесін оқуға болады: қыз балаға шаштараз, визажист (бет әрлеуші), тырнаққа маникюр, татуаж жасайтын маман. Әсіресе бұл мамандықты декретте (үй жағдайында) отырған әйелдер оқып алса артық етпейді. Бұл маман иесі болсаңыз кез-келген жерден жұмыс табылады деп ойлаймын, өйткені сән салонына, шаштаразға барсаң кезекте тұрған адам саны көп.    


Студия мектебі 



Бетті әрлеу (визажист) 



Шаштараз 



Қас бояу (татуаж)




Жұмыспен қамту орталығы




2. Кеңес:  Бүгінде мемлекет көптеген мүмкіндіктер жасап жатыр. Мысалы, жұмыссыздарға жұмыс тауып береді тағысын тағы. Сонымен айтқым келгені, «Жұмыспен қамту» орталығына барыңыз. Ол жерде де сізді жұмыссыз қалдырмайды. Егер жұмыс тауып бере алмаса, даярлау курсына жібереді. Ол жерде тегін оқисыз, әрі 16759 теңге  стипендия,  жол ақысына дейін 9076 теңге қаражат береді. Бұл бірақ айлық көрсеткіш емес, егер де сіз 3-4 ай оқысаңыз, соған шаққандағы баға. Сонымен қатар, сізді оқытқан ұстаздардың қызмет ақысында 30000 теңге көлемінде төлеп береді. Даярлау курсы біткеннен кейін «Жұмыспен қамту» орталығы жұмыс тауып, сізді орналастырады.

Мекен-жайы: Алматы қаласы,

                       Телефон нөмірі: 2 (727) 2 79 81 91

Редакция материал мазмұнына жауапты емес. Редакция автордың ойын бөліспеуі мүмкін. Барлық мақалалардың орфографикасы толығымен сақталған.


Осы тақырыпта жазылған өзге материалды оқыңыздар