«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Еңбек етсең жемісін жейсің»,- деп үлкендер арттарынан еріп келе жатқан ұрпақтарын тәрбиелейді, соған баулиды. Әрбір ата-ана заманға сай балаларын оқытып, білім алып, жақсы жерде жұмыс істегенін қалайды. Алайда, соңғы кезде дағдарыс дегенді жиі еститін болдық. Көп жерлерде бос орын жоқ, қысқартулар да болып тұрады. Осындай кезде жұмыссыз қалған өте ауыр жағдай. Жұмыс табу да қиынға соғады. Әрбір мекеменің табалдырығын тоздырасың. Сонымен: Сіз жұмыссыз қалсаңыз не істеу керек? Осы сауалдарға мен біраз жауаптар іздеп көрген едім. Сіздерге азда болса көмегім тисін деген оймен жұмысқа қалай тез арада орналасуға болатынына шолу жасадым.
Түйіндеме
Алдымен түйіндемеңізді дайындап алыңыз. Өйткені, қай мекемеге, қай жерге барсаңыз да әңгімелесу кезінде сізден түйіндемеңізді сұрайтыны анық. Түйіндемеңізге өзіңіз жайлы, мақсатыңыз, өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, жұмысқа икемділігіңізді ұтымды көрсетіңіз. Ақпаратты толықтырып, ықшамды етіп жазыңыз. Жұмыс беруші мекеме басшыларына түсінікті болсын.
Кеңес: Түйіндеме салынған папканың сыртына аты-жөніңіз бен мамандығыңызды толықтай жазыңыз.
Газет
Бос жұмыс орын жарияланған газеттер топтамасын қарап шығыңыз, мүмкін өзіңізге ыңғайлы жұмыстар тауып қалатын шығарсыз. Хабарландырулардың астында міндетті түрде контактілер болады, тапқан жеріңізді түртіп алып, хабарласыңыз. Әңгімелесу күнінде белгілеп қойыңыз.
Кеңес: Әдепті сақтау керек. Арсыз қылықтар көрсетпеу, арақашықтықты ұстай білу абзал.
Сайт
Сайттанда ертеңгі күні табыс табатын жеріңізді тауып қалуыңыз мүмкін. Қазіргі заманда көбісі осы сайттар арқылы да жұмысқа орналасып жатады. Бұл сайттар екіге бөлінеді. Біріншіден бос жұмыс орындарына арналған сайттарға кіріп өзіңізге келетін мекемелер хабарландырулардың астына түйіндемеңізді толтырып контактіңізді барлық ақпаратыңызды қалдырыңыз.
Сайттар тізімі:
2. zarplata.kz
3. nur.kz жұмыс
4. 24rabota.kz
5. Жұмыс
6. linkedin
8. HeadHunter
Екіншіден, бос жұмыс орындар берілген мекемелердің хабарландыруларына ғана хабарласатын сайттар тізімі:
1 Вакансия
2 olx
Әлеуметтік желілер
Әлеуметтік желілер арқылыда жұмысқа орналасуға да болады. Мысалға, Фейсбукқа, В контактеге, инстаграмдағы өзіңіздің хроникаңызға қысқа да, нұсқа түсінікті етіп хабарландыру жазып қойыңыз. Сонымен қатар, осы желідегі топтарға да репост жасап қойсаңыз болады.
Фейсбук:
2. Job.kz4. Жұмыс іздесеңіз мында табасыз
ВКонтакте
1. Редакция материал мазмұнына жауапты емес. Редакция автордың ойын бөліспеуі мүмкін. Барлық мақалалардың орфографикасы толығымен сақталған.
Осы тақырыпта жазылған өзге материалды оқыңыздар