Самал Еслямова: мен ешқашан актриса боламын деп армандаған емеспін

23.05.2018 в 16:00

Мен ешқашан актриса боламын деп армандаған емеспін. Бұл сөзді Канн фестивалінде «Үздік әйел рөлі» номинациясын жеңіп алған қазақстандық актриса Самал Еслямова мәлімдеді. Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген актриса өте көп құттықтаулар мен қолдаулар келіп жатқандығын айтты. Бағын ашқан Сергей Дворцевойдің «Айка» фильмі жайында да сөз қозғаған Самал туындыға алты жылымды бердім - деді. Фильмдегі сценарий бойынша тағдыр тәлкегіне түсіп, сәбиін тастап кетуіне мәжбүр болатын кейіпкеріне қарағанда, Еслямова шын өмірде тұрмыс құрмағандығын жасырмады.

«Мен ешқашан актриса боламын деп армандаған емеспін. Менің арманым - журналист болу еді. Бұл расында да Алланың бұйрығы болып отыр. Колледжге түскеннен бастап маған актер мамандығы қызықты бола бастады. Мен бір рөлді алған сайын, ол адамның іс-әрекетіне не итермеледі, ол енді қалай өмір сүреді, не істейді деген сияқты мәселелерді өзім терең сезінуге тырысамын. Алдағы уақытта жан-жақты әрі қызықты рөлдерді ойнасам деген арманым бар», - деді актриса Самал ЕСЛӘМОВА.