Биыл Астана экономикалық форум жаңа форматта өтпек

12.05.2018 16:01

Орталық Азиядағы басты іскерлік саммиттің біріне айналған «Астана экономикалық форумы» биыл мамырдың 17 мен 19 аралығында шымылдығын түреді. Осымен 11-ші рет ұйымдастырылып отырған шара бұл жолы ерекше өтпек. Қазақстан бұл жолы да халықаралық зияткерлік элитаны диалогқа шақырып, заманауи технологиялық трендтерді талқылап, ұмтылыстарды біріктіруге шақыруға бел буып отыр. Аталмыш форумға дайындық барысын білу үшін Ұлттық экономика министрлігі стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті директорының орынбасары Бауыржан Төлеулінұлымен сұхбат жүргізілген болатын.