Алматыдан Ақтауға бағыт алған ұшақ кері қайтып, қайта қонуға мәжбүр болды. Эйр Астана әуекомпаниясына тиесілі ұшақтың қозғалтқышындағы май деңгейін көрсететін индикатор жүйесінде ақау байқалған. Бұл туралы авиатасымалдау өкілдері хабарлады. Қазір мекеме мамандары төтенше жағдайды тексеріп жатыр. Себебі Airbus А320neo маркалы ұшақ зауыттан су жаңа күйінде осыдан бір жыл бұрын әкелінген. Айта кетсек, бұл Эйр Астана ұшақтарының бір жылдың ішінде болып отырған алтыншы жағдайы.
«Ұшақ штаттық режімде қонды, аман-есен. Бордтың ішінде 80 жолаушы болған. Airbus А320neo-ны қазір техникалық тексерістен өткізіліп жатыр. Ал жолаушыларымыз басқа әуе кемесіне отырғызылып, сағат 12.15-те ұшып кеткен», - деді «Air Аstana» әуекомпаниясының корпоративті коммуникация бойынша менеджері Тілек ӘБДІРАХЫМОВ.