"Самұрық - Қазына" құрамындағы компаниялар саны жыл соңына дейін 315-ке қысқарады

15.11.2017 23:00

"Самұрық - Қазына" құрамындағы компаниялар саны жыл соңына дейін 315-ке қысқарады. Бұл жөнінде мемлекет басшысының қабылдауында болған қор басшысы Өмірзақ Шүкеев мәлімдеді. Холдинг кірісі былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 44 пайызға өсіп, 414 миллиард теңгені құраған. Әл-ауқат қоры жетекшісі биылғы 10 айда атқарылған жұмыс нәтижелері жөнінде есеп берді.

«Біздің барлық өндірістік компанияларда былтырғы жылмен  салыстырғанда, өндіріс деңгейі жоғары болып тұр. Оған нарықтағы қалыптасқан жағдай өз әсерін тигізеді. Мұнай бағасы былтырмен салыстырғанда едәуір жоғары. Басқа да салаларда ілгері өсім бар. Электр энергия қуатын өндіру саласы да былтырмен салыстырғанда жоғары, «Тау-Кен» Самұрық Қазына компаниясы жақсы көрсеткіштерге жетіп отыр»,-деді "Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының төрағасы, Өмірзақ ШҮКЕЕВ.

Еске салайық, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының»  құрамында әуелде 600 компания болған. Холдинг жұмысын оңтайландыру мақсатында олардың саны 350-ге азайды. Ал келер жылға шейін компаниялар қатары тағы азаймақ.

 

Теги: компания