«Қазпоштаның» еліміз бойынша ең үлкен сәлемдемелер супермаркеті Алматыда ашылды. Жаңа бөлімшенің жалпы аумағы 1 мың 180 шаршы метрді құрайды. Ол таңғы сағат 9.00-ден кешкі сағат 21.00-ге дейін демалыссыз жұмыс істейді.
Сәлемдемелер супермаркетінің ерекшелігі тұтынушы тауарын өзі кіріп алып кете алады. Сәлемдеменің қай жәшікте орналасқанын ұялы телефонына келген смс-хабарлама арқылы біле алады. Клиент оны өзіне қолайлы уақытта алып кетуіне болады. Ол үшін операторға жеке куәлік, тауарды және смс-хабарламаның нөмірін ұсынса жеткілікті. Сәлемдемелер супермаркеті Әуезов ауданындағы ең ірі сауда орталығында орналасқан.
«Осы бөлімше 230 мыңдай халыққа қызмет етеді. Айына сәлемдемелер супермаркетіміз 30 мыңнан артық адамға өздерінің жолдамаларын беріп отырады. Ол жолдамалардан бөлек, күніне 450-500 адам басқа да пошта қызметкерлерімен пайдалана алады. Оның ішінде несие беру бар басқа банктердікі және де коммуналдық төлемдерді төлеу, өтемақысын, біздің зейнеткерлер зейнетақысын алу деген қызметтерді ала алады», – деді «Қазпошта» АҚ Алматы қалалық филиалы «Алматыпочтамт» директорының орынбасары Нұрдәулет ҚАБЫЛОВ.