Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасы Андорра командасымен тең ойнады

Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасы Андорра командасымен тең ойнады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанның футбол құрамасының Андорра командасына қарсы ойыны 1:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Sputnik.

Кездесудегі алғашқы голды екінші таймда қазақстандықтар салды – 68-ші минутта Бауыржан Исламның әуелетіп асырған бұрыштама добын Юрий Логвиненко қақпаға дөп түсірді. Андорра футболшылары 86-шы минутта ойынды теңестірді — Жорди Алаэс қорғаушының алаңғасарлығын пайдаланып, қазақстандықтардың қақпасына гол соқты.

Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стойлов Андоррамен болған матчты қорытындылай келе «құраманың басты проблемасы – шабуылды аяғына дейін жеткізе алмауында», - деді.

«Бүгін, өкінішке орай, өзіміз көздеген нәтижеге қол жеткізе алмадық. 90 минут бойы басымдықта болып, гол соғуға тырыстық. Шабуыл кезеңінде проблемаларымыз бар, екі ойында бір ғана гол соқтық, оның өзі допты ойынға стандартты қосудан», — деді Стойлов. 

6 қыркүйекте Қазақстандықтар грузиндерге 0:2 есебімен ұтылған. 

УЕФА Ұлттар Лигасы – еуропалық футбол қауымдастығының жаңа турнирі. Төрт дивизионда жеңіске жеткен төрт команда Еуро-2020 финалдық кезеңіне жолдама алады.




Новости партнеров