|
02.08.2018 | 12:10
1635

Семей қаласының тұрғыны алаяқтардан екі жәшік тас сатып алған

Семей қаласының тұрғыны алаяқтардан екі жәшік тас сатып алған

Семей қаласының тұрғыны базардағы алаяқтардан оңбай алданғаны туралы полицияға шағым түсірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

ШҚО ІІД хабарлауынша, Семей қаласының 29 жастағы тұрғыны белгісіз саудагерден арзан бағаға екі жәшік шеге сатып алмақ болып келіседі. Сатушы тарап екі жәшік тауарды тегін жеткізіп беретінін де айтқан.

8 мың теңгеге екі жәшік шеге алып көңілі көншіген Семей қаласының тұрғыны үйге жеткізілген тауардың бетін ашқан кезде, екі көзі шарасынан шыға жаздайды. Жәшіктердің ішіне шеге емес, тас толтырылған екен.

«Алаяқтық әрекетке барды деген күдікпен еш жерде жұмыс істемейтін 43 жастағы Семей қаласының тұрғыны, ұсталды», – деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

Фото: krsk.au.ru


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир