Әлемнің алдыңғы қатарлы ғалымдары екі жылда бір бас қосып, ядролық қауіпсіздік мәселесін талқылайтыны белгілі. Биыл ғалымдар Алматыда жиылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.
Сонымен, ғалымдардың зертеуі нәтижесінде, Семейде дереу көзін жоюды қажет ететін 50 мың текше метр радиация қалдығы бар екені анықталып отыр.
«Бүгінде ядролық аймақтардың 62%-ы тексеруден өткен. Сөйтсе де топырақ құнарлылығын қалпына келтіруді қажет ететін аймақтар баршылық. Алдын ала белгілі болған мәлімет бойынша, 50 мың текше метр радиация қалдығы бар екен», – деді Энергетика министрлігінің атомдық және энергетикалық жобаларды дамыту департаментінің директоры Батыржан Қарагөзов.
Сурет / evropaelire.org