Атырауда жоғалып кеткен 7 жасар қыз бала әлі табылмай жатыр. Осыдан екі күн бұрын жоғалып кеткен бірінші сыныптың оқушысын іздеуге 50-ден астам адам мен құрлық және су көліктері жұмылдырылған. «Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының құтқарушылары араласса да іздеу сәтсіз аяқталған. Атырау қаласына жақын маңдағы «Бесікті» кентіндегі балалар лагерінен сәрсенбі күні сағат кешкі 17.15-те оқушы шығып кеткен. Әлеуметтік желілерде Ай -Көркем Алдамжар Азаматқызын көршісі зорлап, денесін Жайық өзеніне ағызып жіберді деген ақпарат тараған еді. Бұл сұмдық жағдайға байланысты Атырау облысы ішкі істер департаментіне хабарласқан едік.
«ІІД қарасты нөмірі 2 полиция бөлімшесіне сағат 22.00 шамасында қыздың ата-анасы хабарласты. Қыздың анасы 1990 жылғы. Қазіргі кезде 5 водалаз жұмыс істеп жатыр. Жалпы саны 17 суда жүзу құрылғысы жұмыс жасайды. Халық арасында тарап жатқан ақпараттарды рас немесе жоқ деп айта алмаймыз. Нақты бір мәліметі шықпайынша ештеңе айта алмаймыз», - деді Атырау облысы ІІД баспасөз қызметінің хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА.