Алматы облысында бір ауылдың тұрғындары амалсыз арам су ішуге мәжбүр

Алматы облысында бір ауылдың тұрғындары амалсыз арам су ішуге мәжбүр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында бір ауылдың жеті мыңдай тұрғыны амалсыз арам су ішіп отыр. Қапшағай қаласына қарайтын саяжайдың ауыз суы тоқтап тұр. Онсыз да қымбат тарифпен құн төлеткізіп құныққан басшылардың кесірінен ауылдың айналасын қоқыста басып кеткен. 

Жеті мыңдай халық тұратын "Құрылысшы" атты саяжай тұрғындарының ауыз суы осыдан сегіз күн бұрын тоқтаған. Қара суға қаталаған ел амалсыз алқапты суаруға берілген арам суды сүзіп ішіп отыр.Су келер деп шүмекті қайта-қайта  шұқылай берген Арман Дәуленовтің де шыдамы таусылған. Қараша халық бұлай қинала берсе арам судың кесірнен ауру тарауы мүмкін дейді.   

«Мен қаладан тасып отырмын. Техникам бар. Ал техникасы жоқ адамдар такси жалдайды немесе литрін 2 теңгеден сатып алады. Жарықтың тарифін көтермекші»,- деді Арман ДАУЛЕНОВ.

Саяжайға жеке кәсіпкер осыдан екі жыл бұрын су тартып берген. Судың әр текше метрі 233 теңге болса да халық оған да тәубе деп төлеп келген. Ал жуырда келген кооператив төрағасы электр тарифін көтеріп, қайта құжат әкел деген желеумен  "Алтын саға" компаниясының су соратын стансасын тоқтан ажыратып тастаған. 

«Мына халықтың қандай кінәсі бар қарақтарым. Мына халық шулаймызда жүреміз су, жарық деп. Бізге мына кооперативтің керегі жоқ. Алып тастасын кооператив бәлен түген демей. Суды, светті төлеп отырмыз. Бізде жарықтың тарифі 28 теңге, ал Қапшағайда 14 теңге»,- деді Айтжамал АБЖАКОВА.

Кооператив төрағасы әр киловат үшін төленіп келген 28 теңгені азсынып, тарифке 35 теңгемен қайтадан келісім шарт жасауды талап етіп отыр дейді саяжай тұрғындары. Бұдан бөлек жаздың алты айында әр үй бақшасына су алғаны үшін 10 мың, көше жарығы үшін ай сайын 200 теңгеден жинауға міндетті.  

¤Елге соңғы кезде тағы бір мәселе қосылған. Ол айналаның қоқысқа толып кетуі. Елге түрлі тарифтер қойып, тыныштық бермей отырған

төраға мына ауылдан жиналған қоқысты арнайы палигонға емес, елді мекеннің іргесіне, шетіне төге берген. 

Ал тарифтерге көнбеген тұрғындарға төраға түрлі айыптардың санын көбейткен. Соңғы бір жылдан бері ауылға әмірін жүргізіп отырған басшы тәртіп пен тарифтерді қадағалайтын 20 жұмысшының жалақысы осы жұрттан жиналатын ақша арқылы төленіп отыр дейді. 

«Халықта менің алалмаған өшім жоқ. Олар бізбен келісім шартқа отыру керек. Кеше азаматтармен келістік спонсорлық жасаймыз қоқысты ауылдың сыртына төккенге, бір тонна соляркіңді жина деді. Халықтың 50 пайызы  маған босат десе орынды босатуға дайынмын»,- деді  "СТС-СТРОИТЕЛЬ" ПИК төрағасы, Баққожа ШАМРАЕВ.

Жұрт жарық үшін тұрақты төлем жасап тұрса да кооператив басшыларының энергосбыт алдындағы қарызы 4 миллион теңгеге жеткен. Бар суды тоқтатып, тұрғындардың өре түрегелуіне түрткі болған төраға елге тіршілік нәрі беріледі деп уәдесін берді.




Новости партнеров