Алматыда еліміздің сенаторлары елбасының жолдауын талқылады

11.01.2018 22:33
Еліміздің сенат депутаттары Алматыда қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Жиында қалада атқарылып жатқан жұмыстармен қатар, Президенттің тапсырмалары талқыланды. Кездесуге келгендер мектеп бағдарламасындағы өзгерістер өзектілігіне тоқталып, оқулықтағы олқылықтарды оңалтатын уақыттың әлдеқашан жеткенін айтты.  
«Мектеп бағдарламасының түрленуі бойынша, кітаптардағы қателерге келетін болсақ. Көп жерлерде білікті мамандар отырған жоқ. Сондықтан, кітап шығарар алдында мұғалімдердің пікірлері маңызды. Оларда осы жұмысқа араласуы керек. Мәселен, Назарбаев интелектуалды мектебін алсақ. Ондағы білім беру жүйесі мүлдем бөлек. Сондықтан, жаңа бағытта білім беретін мамандар дайындау керек»,-деді ҚР парламенті сенатының депутаты, Бақытжан ЖҰМАҒҰЛОВ.

Теги: Сенаторы