Алматыда сән салонына келушілерді тонаған 2 ер азамат ұсталды

Алматыда сән салонына келушілерді тонаған 2 ер азамат ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда сән салонына келушілерді тонаған 2 ер азамат ұсталды. Олардың бірі Шығыс Қазақстан, екіншісі Батыс Қазақстан облысының тумасы. Соңғы бір айда ұрлықты Медеу ауданындағы ірі сауда үйлері мен сұлулық салондарында жасаған. Біреуі, әкімшілікті сөзге айналдырып тұрса, екіншісі киімдердің қалталарын ақтарып, қолына ілінгенін алып кетіп жүрген. Күдіктілер көбіне смартфондарды қолды қылған. Оларды көк базар маңында арзан бағаға сатқан. Күдіктілердің келтірген шығыны 300 мыңнан асып жығылады. Олар өз кінәларын мойындап отыр.  Қазір ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

«Қылмыстық кодекстің 188-ші бабының 3-ші тармағы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 6 жылдан аса бас бостандығынан айыру мерзімі көзделіп отыр. Бірақ, бұл азаматтар бұрын соңды сотталған. Осындай тәріздес қылмыстар жасағандары үшін. Бұл ауырлататын мән-жай болып табылады. Сондықтан, жаза мөлшерін сот міндетті түрде едәуір көп қылып береді»,-деді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі, Салтанат ӘЗІРБЕК.

   

Новости партнеров