|
17.11.2017 | 16:57
1479

Сейітқазы Матаев мерзімінен бұрын бостандыққа шығатын болды

Сейітқазы Матаев мерзімінен бұрын бостандыққа шығатын болды

Қазақстан журналистер одағының бұрынғы басшысы Сейітқазы Матаев мерзімінен бұрын бостандыққа шығатын болды. Іс Қапшағай қаласында қаралды. Сейітқазы Матаевтың адвокаттары оның жазасын өтеу мекемесіндегі оң мінездемесі үшін және қазан айының соңында Матаевтың 63-ке, яғни зейнет жасына келгенін алға тартып, мерзімінен бұрын бостандыққа шығаруды сұрады. Сондай-ақ іс материалдарына жаза өтеушінің денсаулығының нашарлай түскені туралы дәрігерлердің анықтамасы да енген. Матаевтың өзі  сот отырысына видеоконференция арқылы қосылды. Ол жазасын  ЛА155 ТЕ 14 колониясында жазасын  өтеп жатыр.  Нәтижесінде, сот қорғаушы тараптың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шағымын қанағаттандырды. Сот қаулысы 15 тәуліктің ішінде заңды күшіне енген соң Сейтқазы Матаев отбасына оралады.   Еске салайық, салық төлемегендігі және алаяқтық әрекеттері үшін деген айыппен Сейтқазы Матаев пен ұлы Әсет 2016-жылдың 3 қазанында сотталды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир