ШҚО-да дүлей дауылдан үйлердің шатыры жұлынып, аялдамалар құлаған

19.07.2017 16:05

Шығыс Қазақстан облысында дүлей дауылдан үйлердің шатыры жұлынып, аялдамалар құлаған. Тағы да бірнеше мемлекеттік нысан қирады. Алдын ала мәлімет бойынша бес адам зардап шегіпті. Олар дәрігерге қаралып, екеуі үйлеріне қайтарылған. Қазіргі кезде, зардап шеккен аудандар мен Өскемен қаласында коммуналдық қызметтер және жедел іздестіру топтары құлаған ағаштар мен сыңған шатырларды тазалап жатыр.

«Жексенбі күні түстен кейін Казгидромед ақпаратының желісінде құтқарушылар уақытылы түрде ұялы телефон қосымшасы және ресми сайт арқылы халыққа 17-ші шілде күнгі болатын ауа райы болжамы жеткізілген. Онда желдің жылдамдығы 20 метр секунд болатыны айтылған. Аталмыш ақпараттың шындыққа ұласатыны туралы сауалды төтенше жағдайлар департаментіне қою қажет»,- деді ШҚО ТЖД бас маманы, Жадыра АМАНҒАЛИҚЫЗЫ.