Шаханда қайғылы оқиғаға байланысты іздестірілген от жағушы өлі күйінде табылды

04.04.2017 16:24

Шаханда қайғылы оқиғаға байланысты іздестірілген от жағушы Мейрамбек Жиенбаев өлі күйінде табылды. Оның денесін тұрғындар ауыл маңынан көріп қалған. Оған ешкім зорлық көрсетпеген. Ер адам кейін үсіп қалған болуы мүмкін", - деді Шахан қаласы Ішкі істер бөлімінің басшысы Думан Кожахметов. Қазір тергеу амалдары басталған. Естеріңізге салайық, 1 қаңтар күні Шахтинск қаласындағы Шахан ауылында тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып, 9 адам қаза тапқан болатын. Олардың үшеуі ер адам, үшеуі әйел, тағы үшеуі балалар болатын. 

«От жағушының мәйіті жазық даладан табылды. Мәйітте ешқандай зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Оны жолдасы таныды. Қазіргі уақытта мәйітке қатысты сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде»,- деді Қарағанды облысы ІІД баспасөз хатшысы, Бақытжан ҚҰДИЯРОВ.