Тауда жоғалған жеті жасар бала әлі табылған жоқ

19.07.2018 18:55

Алматы облысында тауда жоғалып кеткен 7 жасар баланы жүзден астам адам әлі іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұған дейін 60 адам бөлінген болатын. Қазір іздеу шараларына тағы 50 адам қосылды. Жалпы алғанда, баланы табу үшін 115 адам тау-тасты кезіп жүр. Олардың ішінде құтқарушылар, полиция, әскери қызметшілер, шекарашылар, жергілікті тұрғындар бар. Олар 22 шақырым радиустағы жердің бәрін тінтіп шықты. Іздеушілер балалар қашқан жерден бастап  барлық тау-тасты, құз-жарларды қарап шықты»,