Енді шетел валютасында ақша сақтау тиімсіз болмақ. Қазақстанның кепілдік беру қоры салымшылардың депозиттеріне ұсынылатын сыйақы мөлшерлемесін бекітті. Оған сәйкес, төл теңгеде сақталған депозиттерге бұрынғыдай 14 пайыз сыйақы беру көзделген. Ал, шетел валютасындағы депозиттерге берілетін сыйақы мөлшері керісінше бір жарым пайызға төмендетілді. Сыйақы көлемі 1 шілдеден бастап азайтылады. Біле жүріңіздер, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры салымшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін құрылған ұйым.