Қазақстанда шетелдік инвесторлардың құқығы жан-жақты қорғалмақ. Енді мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі жанынан ашылған арнайы жобалық кеңседе бизнес өкілінің әрбір өтініші мұқият қаралады. Аталмыш мекеме кәсіпкерлер алдындағы кедергілерді жойып, жемқорлық әрекеттерге тосқауыл қойылады деп күтілуде.
«Шетел инвесторлардың қорғауға бағытталған осы жоба агенттіктің төртінші ірі жобасының бірі деп айтуға болады. Бұның негізгі мақсаты: елімізге келетін шетелдердің біздің Қазақстанда бизнесті дамыту бағытындағы кезігіп жатырған қиындықтарды, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық фактілері болса, немесе административный кедерлігер болса, оларды жою бағытында инвесторлармен бірлесіп іс-шара атқарылады»,- деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан ЖАХИН.