Шу қаласында болған пойыз апатынан зардап шеккен және қаза тапқан азаматтардың есімдері жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Жамбыл облысының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, пойыз апатынан 2006 жылы туған бала қаза тапқан. Оның есімі – Малинев Григорий Александрович. Сондай-ақ 14 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген.
Оқыс оқиғадан зардап шеккен 1 азамат ауруханаға жатқызылған. Оның жағдайы тұрақты. 13 адам дәрігерге қаралған соң үйлеріне жіберілген.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы пойыз апатынан төмендегі азаматтардың зардап шеккенін алға тартады:
Исламғали Ақерке Бақытовна;
Самат Сұлтанәлі;
Өміржанова Әйгерім Құрмангазиевна ;
Даутов Әлішер Кенжеболатұлы;
Байжанов Альби Махамбетиярович;
Аубакиров Дидар Ахатұлы;
Талғат Кәмшат;
Каримова Айгүл;
Сексенбаев Уәлихан Молдагулович;
Воронцова Алина Юрьевна;
Воронцова Ева Валентиновна;
Севдеева Наталья Дмитриевна;
Севдеева Софья Дмитриевна;
Бозлаков Алмат Жомартович.
Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 17 маусым күні сағат 13.25 шамасында, «Шығанақ-Шу» учаскесінің «Жиделі-Бірлік-1» перегонында жолаушылар тасымалдайтын Астана қаласынан Алматы қаласына бағыт алған №9 пойызының 6 вагоны рельстен шығып кетті. Төтенше жағдай салдарынан 3 адам жарақаттанып, бір адам қаза тапты. Кейін жолаушылар Шу станциясына басқа пойызбен жеткізілді.