Шұңқырға құлаған 5 жасар бала мен оны құтқармақ болған ер адам тұншығып өлді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Sputnik. Оралда 5 жасар бала мен оны құтқармақ болған ер адам қоқыс төгетін шұңқырға құлап, тұншығып өлді, деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Қайғылы оқиға кеше Дерқұл кенті ауданындағы бау-бақша серіктестігінде болған.
Саяжай тұрғындарының айтуынша, бала қоқыс төгетін шұңқырға
құлап кеткен. Оны көрген ер адам баланы құтқармақ болады. Алайда екеуі де
сыртқа шыға алмай, тұншығып өлген.
"31 мамыр күні сағат 14:25-те хабар келіп түсті. Алайда
2013 жылы туған бала мен 30 жас шамасындағы ер адам жедел жәрдем келгенше көз
жұмған", — деп мәлімдеді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз
қызметінен.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
18.10.2026 11:00
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23