Швейцарияда экономистер, саясаткерлер мен кәсіпкерлер жиналды

18.01.2017 16:39

Швейцарияның Давос қаласына экономистер, саясаткерлер мен кәсіпкерлер жиналды. Форумда өзекті мәселелер қаралмақ. Кейбір сарапшылар форумның әлем экономикасына әкелер себі айтарлықтай емес деген пікірде.  Осымен 47-ші рет өтіп жатқан форум 20 қаңтарға дейін жалғасады.

Жиынға 70 елден үш жүзге жуық билік өкілдері, кәсіпкерлер, халықаралық қауымдастықтар мен азаматтық қоғам өкілдері келген. Шарада төрт бағыттағы 400-ге жуық сессия өтпек. Олар жаһандық ынтымақтастықты қайта қарау, әлемдік экономиканы жандандыру, капитализмді реформалау және төртінші өндірістік революцияға дайындалу. Форум басталмастан бұрын шетелдік экономистер қазіргі кәсіпкерлік туралы ойларын білдірді.  

«Біз қолдау тенденциясын көреміз. Бірақ біздің ойымызша, әлемдік саудаға мықты ашық нарық, тәуелсіз сауда, шынайы бәсекелестік керек. Саясаткерлер мұны тек ұлттық деңгейде жасаса, туындаған мәселелер шешілмейді. Ондай жағдайда кәсіпкерлердің жаһандануын бақылау мүмкін болмайды», - деді Бүкіләлемдік экономика форумының директоры Филипп РЁСЛЕР.

Көптеген алпауыт елдер форумға қатысудан бастартыпты. Бұл жолы Германия канцлері, Франция мен АҚШ президенттері де көрінбейді. Ал, отандық экономистер форумның ел экономикасына әкелер жаңалықтары жоқ еместігін айтты.

«Біздің экономикамыздың шикізаттық тәуелділігі бар екенін жақсы білеміз. Оның ішінде қара алтынның бағасы, мұнай бағасы қалай құбылады біздің эко тікелей әсер етпей қоймайды.Мұнайдың бағасын күрт төмендеуіне өз септігін тигізіп отыр», - деді  экономист Мақсат ХАЛЫҚ.

Давостың тарихында алғаш рет Қытай басшысы Си Цзинь Пинь қатысуда. Аспан асты елінің  тәуелсіз сауда мен халықаралық қауымдастықты қолдайтыны белгілі. Форум 4 күнге созылып, Дональд Трамптың ұлықтау рәсімінде аяқталмақ.