Шығыс Қазақстан Облысында ірі шенеунік 2 млн теңге парамен ұсталды

17.04.2017 в 17:16

Шығыс Қазақстан Облысында ірі шенеунік 2 млн теңге парамен ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі хабарлап отыр. Ведомстводағылардың айтуынша, Индустриалдық даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің басшысы Закирьянов өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жоба құжаттамасына келісім беру үшін кәсіпкерлік субъектілерінен жүйелі түрде пара алып отырған. 12-ші сәуірде кәсіпкерден кезекті парасын алып жатқан шенеунік қылмыс үстінде ұсталды. 90 мың теңге ақша алған азамат Өскемен қалалық Ішкі Істер Департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Параның жалпы сомасы 2 млн теңге. Қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде.