Шығыс Қазақстанда жасөспірімге жай түсіп қаза болды

17.07.2018 19:30

Шығыс Қазақстан облысында 16 жастағы жасөспірімге найзағай түсіп, қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қайғылы оқиға 16 шілде күні Семей қаласының Чекоман кентінде болды. Жеке тұрғын үйдің ауласында ойнап жүрген 16 жастағы жасөспірімнің басына жай түскен. Бала оқиға орнында қаза тапқан», – делінген хабарламада.