17-аймақ: Түркістан облысының жаңа цифрлық кодты көлік нөмірі сатылды ма

22.06.2018 17:41

«Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы Q017QQQ17 көлік нөмірі сатылғанын ресми түрде жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Айта кетейік, Түркістан облысы құрылғаннан кейін әлеуметтік желіде еліміздің 17 өңірінің Q017QQQ17 айрықша көлік нөмірін қолына ұстап түскен жігіттің суреті тараған болатын. Осыған орай «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай хабарласқанымызда ол бұл суреттің фотошоп екендігін, ондай көлік нөмірі тіркелмегенін айтты.

Оның айтуынша, мемлекеттік корпорацияға Қазақстан өңірлері автомобиль нөмірлерінің 17 цифрлық коды келіп түспеген. «Яғни, біз мұндай цифрлық кодпен көлік нөмірлерін беріп жатқанымыз жоқ», - деді Мұрат Жұманбай.