Шымкентте адамдар уланған балмұздақ үй жағдайында жасалған

Шымкентте адамдар уланған балмұздақ үй жағдайында жасалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте адамдар уланған балмұздақ үй жағдайында жасалған. Айта кетейік, өткен түні қалалық ауруханаға 61 адам улану қаупі бойынша қаралып, 41 адам жатқызылды. Оларға  өткір ішек инфекциясы және тағамдық токсикоинфекция деген диагноз қойылған. Астан ауру тапқандар балмұздақты Шымкенттің Республика даңғылындағы Ешмұратова атты жеке кәсіпкерге тиесілі орыннан алғандарын алға тартуда. Қазір барлығы тиісті емін қабылдап жатыр.

Аталмыш оқиға бойынша тексеріс жұмыстары да басталып кетті. Жағдайды Денсаулық сақтау министрілгі өз қадағалауына алса, Шымкенттің Әл-Фараби аудандық Ішкі істер басқармасы бұл дерекке қатысты іс қозғады.

«Қазір бригадалар құрдық. Балмұздақ жедік деген жерлерде комиссиялық жұмыс жүріп жатыр», - деді ОҚО денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Жұмағали МЕДЕТОВ.


Новости партнеров