|
19.02.2018 | 20:40
1909

Алматыда алапат өрт салдарынан 3 отбасы баспанасыз қалды

Алматыда алапат өрт салдарынан 3 отбасы баспанасыз қалды

Алматыда үйінің көз алдында өртенгенін көтере алмаған зейнеткердің жүрек талмасы ұстап, жантәсілім етті. Түнде шыққан өрттен бірден 3 отбасы баспанасыз қалған. «Таусамалы» ықшам ауданында болған қызыл жалынды тұрғындар мен өрт сөндірушілер таң атқанға дейін әрең өшірген. 63 жастағы қайтыс болған ер адам осыдан бір ай бұрын ғана зейнетке шығыпты. 

«Мардымсыз айлығыма үйіме қажетті заттарды жылдап жинаған едім. Несиемнен құтылғанда қуанып едім, енді мынау міне ештеңе қалмады. Түтін көрші үйден шықты. Иесі мен өрт сөндірушілер келгенше бәрі жанып кетті. 30 жыл ауруханада еден жудым. Қайда барам енді?!», - деді Гүлнәр ӘБІЛДАЕВА.

Жапсарласа салынған баспаналар әбден тозығы жеткен, 60 жылдан асқан қамыс үйлер. Құжаттарын ғана құшақтап қалған үш отбасының тұрғындары қара суықта баратын жерімізде жоқ, дейді. Тілсіз жаудан зардап шеккен азаматтарға көмек қолын созғысы келгендер төмендегі есеп шотқа қаржы аударуға немесе экрандағы нөмірге хабарласа алады.

Банктегі есп-шоты: 5169490191876050 

Ұялы тел: 8702 589 53 27


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

пожар
Новости партнеров
Прямой эфир