Сирия қақтығыстарын шешуге байланысты кезекті Астана процесінің екінші күні өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада бүкіл әлемнің назарын аударған Сирия қақтығыстарын шешуге байланысты кезекті Астана процесінің екінші күні өтуде. Алғашқы күн әдеттегідей жабық есік форматында өткен еді. Белгілі болғандай, отырыс барысында тек саяси ахуал ғана емес, әскери жағдайды қалыпқа келтіру жоспарға қойылған.

-Астана процесінің екінші күні қалай өтуде? Келмей қалған тарап бар ма? Қандай мәселелер қаузалып жатыр? 

-Өзің айтып кеткендей, Сирия мәселесін шешу процесі бойынша, 7 раунд өтуде. Жиын 30 қаңтар күні де өтті. Бірақ, өзгелердің көзінен тасада болды. Бұл жолғы кездесуге кепіл мемлекеттердің барлығы түгел жиналды. Ешкім тысқары қалған жоқ. Сонымен қатар, бақылаушы топ ретінде АҚШ пен БҰҰ өкілдері арнайы келді. Әрине, Сирияның оппозициясы да бар. Бұл жолғы басты мәселе саяси жағдай мен қатар, әскери мәселені шешуге бағытталып отыр. Демек, кепілге алынған азаматтар мен тұтқындарды босату, мерт болғандардың денесін қайтару жіті талқыға салынуда. Айта кетейік, осы процесс Женевадағы оқиғаға қарағанда өте нәтижелі болып отыр, 6 раундтағы бас қосудың нәтижесінде Сирияның опозиция өкілдері сөзге келіп аталмыш елде төрт қауіпсіз аймақ құрылған болатын дәл осы процестті біз әлі де бақылаудамыз нақты шешім жуырда белгілі болады деген ниеттеміз.

¤


Новости партнеров