Сирия келіссөздерінің келесі отырысы Астанада өтетін болды

03.03.2017 16:51

Кепіл елдердің Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты келіссөздерінің келесі отырысы тағы да Астанада өтетін болды.  Бұл туралы Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов айтты. Оның мәлімдеуінше, қазір Астанадағы кезекті кездесуді қашан және қандай деңгейде өтетіні талқыланып жатыр. Айта кетейік,  осыған дейін Астанадағы Сирияға қатысты кезекті кездесудің наурызда өтуі мүмкін екені хабарланған болатын.