Сирияда ресейлік ұшақ апатқа ұшырады

08.03.2018 20:09

Ресейлік АН-26 ұшағы Сирияда әуе апатына ұшырады. Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің алдын ала мәліметі бойынша, бортта болған 32 адамның барлығы қаза тапқан. Ұшақ Хмеймим аэродромының ұшып-қону айлағына 500 метр қалғанда жерге құлаған. Ведомстводағылар ұшаққа оқ атылмағанын айтады. Апаттың неден болғанын анықтау үшін комиссия құрылған. Алдын ала болжам бойынша, ұшақта ақау шыққан, соның салдарынан оқыс оқиға орын алған.