Сириялық оппозиция өкілдері ымыраға шақыратын басқосуға ақыры қатысатын болды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада өтіп жатқан кезекті процеске қатысудан бас тартқан сириялық оппозиция өкілдері елордаға ұшып келмек. Олар ымыраға шақыратын басқосуға ақыры қатысатын болыпты. Бұл туралы еліміздің сыртқы істер министрлігі ресми түрде мәлімдеді. Астанада келіссөздің үшінші кезеңі өткен еді. Оған Ресей, Иран және Түркия тараптары қатысты. Бір тоқтамға келе алмаған елдер жиынды енді мамыр айында тағы ұйымдастырмақ.

Сирия дағдарысына байланысты Астанада өтіп жатқан 3 раунды тағы бір күнге созылуы мүмкін. Егер Сирияның қарулы оппозиция өкілдері келсе әрине. Бұған дейін хабарлағанымыздай ҚР Сыртқы Істер министрлігі Сирияның қарулы оппозициясына Оңтүстік және Солтүстік фронттарының өкілдері келеді деп хабарлаған болатын.

«Оңтүстік және солтүстік фронт өкілдерінің келуін күтіп отырмыз. Олар ертең кепілдік беретін елдердің эксперттерімен ақылдасу үшін кездесу өткізеді. Соғыс әрекеттерінің доғарылуы туралы режимнің сақталуына байланысты сұрақтарды талқылайды»,- деді ҚР СІМ ресми өкілі, Әнуар ЖАЙНАҚОВ.

Келіссөздер нәтиже аяқталды деуге келмейді. Дегеніменде, РФ мен Сирия өкілдері өз пікірлерін ортаға салды. Атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды. А.Лаврентьев Ресей делегациясы өз сөзінде айтқан болатын Түркия мен Иран, Ресейдің қарулы оппозициясы келгеннен кейін келіссөздер жүргізіп олар өз пікірлерін білдіретін болады.

"Кездесуде Сириядағы жағдайды реттеу бойынша Ресей, Иран, Түркия тараптарының алдағы қадамдары жөнінде құрылымдық диалог орнады деп есептейміз. Әскери іс-қимылдарды доғару режимін нығайту, жеке бұғатталған аудандарға гуманитарлық көмек көрсету мәселелері де қарастырылды»,- деді Ресей делегациясының басшысы, Александр ЛАВРЕНТЬЕВ.

Естеріңізге сала кетейін, Астана процесінен кейін келесі келіссөздер Женевада 23 наурыз күніне жоспарланған, сонымен қатар кепіл мемлекеттердің шешіміммен Астанада қайтадан 3-4 мамыр күндері Сирия дағдарысына байланысты келіссөздер қайта өткізілетін болады.

Азамат Әуезхан, Бауыржан Қажақанов, «Алматы» телеарнасы Астанадан 

Новости партнеров